«Заманауи мейіргер: денсаулық сақтауды дамытудағы шешуші рөлі»

2026 жылдың 13 мамырында колледж оқытушылары Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ ұйымдастырған «Заманауи мейіргер: денсаулық сақтауды дамытудағы шешуші рөлі» атты қалалық форумы аясында өткен «Ғылымнан практикага: мейіргерлік қызметте білім беру және ғылыми тәсілдерді интеграциялау» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шара мейіргер ісін дамытудың заманауи үрдістерін талқылау, практикалық денсаулық сақтауға ғылыми зерттеулерді енгізу және мейіргерлерді даярлау сапасын арттыру үшін маңызды алаңға айналды. Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, мейіргер қызметінің басшылары, сарапшылар, оқытушылар, және мейіргер саласындағы магистранттар мен докторанттар қатысты.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар мейіргерлік көмектің тиімділігін және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру үшін ғылым, білім және практика интеграциясын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *