24 сәуірден 06 мамырға дейін Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ ұйымдастырған «Заманауи мейіргер: денсаулық сақтауды дамытудағы шешуші рөлі» атты қалалық форумы аясында колледждің «Мейіргер ісі» мамандығының циклдік комиссиясы «Пациенттерге күтім жасаудағы инновациялар» атты бейнетаспалар байқауын өткізді.
Байқауға алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК), стационарлар мамандары және қаланың медициналық ұйымдарының мейіргерлері қатысты. Қатысушылар кәсіби шеберлігін, шығармашылығын және медициналық көмектің сапасын арттыруға ұмтылысын көрсете отырып, пациенттерге күтім жасаудың заманауи тәсілдері мен инновациялық әдістерін ұсынды. Байқау нәтижелері 13 мамырда жарияланды.
Байқау нәтижелері:
І орын-Қасымова Азиза Кеңесқызы, Астана әкімдігінің «№1 көпсалалы қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК;
ІІ орын-Елеусизова Аида Жанболатқызы, Астана қаласы әкімдігінің «№ 3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК;
ІІІ орын — Аманова Динара, Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

