«Даналық» колледжінің кітапханасы ақпараттар ұсынады және колледждің оқытушылары мен студенттерінің табысты кәсіптік қызмет көрсетуде қажетті болып табылатын іргелі маңызы бар идеяларды дамытады, оларды үздіксіз өздігімен білім алу дағдыларымен қаруландырады және белсенді ұстанымдарын қалыптастырады.
КІТАПХАНАНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ:
- кітапханалық- ақпараттық қызмет көрсету арқылы білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты оқырмандарға жүзеге асыру;
- оқырмандардың барлық категориялары үшін кешенді кітапханалық – ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, тіл әртүрлілігін ескере отырып оқырмандардың ақпараттарға, мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету.
КІТАПХАНА МІНДЕТТЕРІ:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Білім және ғылым және Денсаулықсақтау Министрліктерінің нормативтік-құқықтық актілерін белсенді түрде насихаттау;
- колледждің студенттеріне мен медициналық — педагогикалық құрамына кітапханалық және ақпаратты-библиографиялық қызмет көрсету;
- колледждің кәсіптік бағытына сәйкес кітапхана қорын жасақтап толықтыру;
- оқырмандардың ақпаратық қажеттіліктерін айқындау және қанағаттандыру;
- өздігімен ақпаратты іздеуді және іріктеуді қалыптастыру;
- медициналық – педагогикалық құрамға мәдени-тәрбиелік іс –шараларды өкізуге көмек көрсету;
- құжаттарға толық және жедел қол жеткізуге мүмкіндік беретін қолайлы кітапханалық орта қалыптастыру;
- оқытушыларға, ата-аналарға, студенттерге ақпарат алуға әдістемелік, консультациялық көмек көрсету;
- оқырмандар бойында тәуелсіз кітапхана қолданушылары дағдыларын қалыптастыру: кітапты және басқа да ақпарат тасымалдағыштарды қолдануды, іздеуді, іріктеуді және ақпаратты сыни тұрғыда бағалауды үйрету.