Колледж тарихы

«З.Г. Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжі» БМ

         «З.Г. Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжі» БМ  жеке, коммерциялық емес білім беру мекемесі болып табылады. 1998 жылы  Мурзагулова Зоя Галимовна Астана қаласында ең бірінші жеке меншік «Даналық» медицина колледжін ашты.
    Зоя Галимовна Мурзагулова (1934-2016) – Қазақстан Республикасының медбикелік білімнің ардагері және ұйымдастырушысы, ҚР денсаулық сақтау ісінің Үздігі. Ол Республикадағы жеке білімнің негізін қалаушы болып табылады. Колледж құрылтайшылары — Мурзагулов Жарқын Загыпарович, Мурзагулова Светлана Витальевна, Мурзагулова Сана Маратовна, Мурзагуловой Дана Маратовна.
    
  2021 жылы колледж  мамандығы 09130100 «Мейіргер ісі» 5AB09130101″Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігіне лицензия алды. «Даналық» колледжі» білім беру мекемесінің мәртебесін «З.М. Мурзагулова атындағы «Даналық» жоғары медициналық колледжі» білім беру мекемесі деп өзгертті.
  Колледждің миссиясы-еңбек нарығында бәсекеге қабілетті медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандарды даярлау.
Пайымы-практикалық денсаулық сақтау талаптарына сәйкес келетін кәсіби, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау бойынша аймақтағы жетекші колледж болу.
Стратегиялық міндеттер:
— Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының Президенті-Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050 «Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында колледж қызметін ұйымдастыру»;
— оқыту сапасын арттыруды қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық және интерактивті технологияларды енгізу;
— әлеуметтік серіктестікті дамыту;
-материалдық-техникалық базаны және қаржылық қамтамасыз етуді, адами ресурстарды нығайту;
— қазіргі еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес студенттерді практикалық оқыту сапасын арттыру;
-«Мейірбике ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасын енгізу;
— әлемдік үрдістерге сәйкес материалдық-техникалық базаны дамыту;
— когнитивті, көпмәдениетті және көптілді тұлғаны тәрбиелеу.
    Оқыту Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.
         Мамандарды даярлау негізгі және жалпы орта білім беру негізінде мемлекеттік және орыс тілдерінде күндізгі бөлімде жүреді.
        Қазіргі уақытта колледжде екі мыңға жуық адам келесі мамандықтар бойынша білім алуда:
 09130100 «Мейіргер ісі», біліктілігі 3W09130101«Күту ісінің кіші мейіргері»;
                                                                4S09130103 «Жалпы практикадағы мейіргер»;
                                                                 5AB09130101«Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры»;
09120100 «Емдеу ісі», біліктілігі 4S09120101 «Фельдшер»;                  
09160100 «Фармация», біліктілігі 4S09160101 «Фармацевт».

    Колледж 24 жыл ішінде 4 мыңнан астам мамандар дайындап шығарды. Барлық колледж түлектері денсаулық сақтау мекемелерінде орта есеппен 85% жұмыс істейді.
    Колледжде екі жеке ғимарат түрінде өз материалдық-техникалық базасы бар.
    Оқу үдерісін жоғары деңгейде өткізу және білікті мамандарды дайындау үшін қажетті құжаттармен, оқу-әдістемелік әдебиеттерімен, оқытудың техникалық құралдарымен және жоғары технологиялық медициналық жабдықпен жабдықталған кабинеттер мен зертханалар бар. Заманауи медициналық муляждармен, манекендермен, фантомдармен және тренажерлармен жабдықталған симуляциалық зал жұмыс істейді.
    Дәрілік өсімдіктерді зерттеуге, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге  оқу орнының аумағында дәрілік бау бақша жұмыс істейді.
    Оқу-өндірістік практика Астана қаласының медициналық-профилактикалық мекемелерінде ұйымдастырылған: АҚ «Ұлттық ғылыми медициналық орталық», АҚ «Ана мен бала ғылыми медициналық орталық», АҚ «Теміржол ауруханасы», №1 қалалық ауруханасы, қалалық  емханаларо №4,5,6,9,10, №1 Перинатальды орталық, «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы», дәріхана желілері «Гиппократ», «Элитфарм» және т.б.
    Заманауи әлемдік талаптар деңгейінде білім беру сапасын қамтамасыз ету арқылы білім беру қызметтер нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында колледж Мемлекеттік бюджеттік кәсіптік білім  беру мекемесі (МБКББМ) «Курган базалық медициналық колледжі»  (Ресей Федерациясы) мен ынтымақтастық Келісім жасады.
    Үнемі іздеп оқыту үрдісіне интерактивті, инновациялық технологиялар, әдістер мен оқыту құралдарын енгізіп кәсіби бағытта қорытынды нәтижені қамтамасыз ететін жоғары білікті медициналық және педагогикалық кадрлар  құрамы жұмыс істейді.
    Колледж орта мамандандырылған білімі бар медицина қызметкерлері үшін үнемі мамаңдыру және біліктілігін арттыру курстарын жүргізеді.
   Тәрбие үрдісі жоғары азаматтық және адамгершілік қасиеттерге ие, жан-жақты үйлесімді, патриоттық сезімі жоғары дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
    Дәстүр бойынша, тақырыптық фестивальдар, сайыстар конференциялар, олимпиадалар өткізіліп елеулі күндер атап өтіледі.
    Білім беру қызметінің нарығында жеңіске жетіп оқу-тәрбиелік үрдісінде материалды – техникалық базасын құрып  денсаулық сақтау саласын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету колледждің қорытынды нәтижесі болып табылады.