«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз»

2026 жылдың 14 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында Б.С.Сарсенованың жетекшілігімен «Фармация» мамандығының студенттері «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» экологиялық акциясына белсене қатысты. Іс-шара барысында студенттер колледж аумағындағы «Дәрілік өсімдіктер» бақшасын арамшөптерден тазартып, аумақтың көркеюіне өз үлестерін қосты. Мақсаты: студенттердің табиғатқа деген жанашырлығын арттыру, қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу және еңбекке баулу, экологиялық мәдениеттерін қалыптастыру, табиғатты аялауға деген жауапкершіліктерін нығайту.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *