«Үздік анатом – 2026» байқауы
2026 жылдың 19 мамырында арнайы пәндер оқытушысы А. А. Ахметова «Үздік анатом – 2026» байқауын өткізді. «Үздік анатом – 2026»-бұл кәсіби білімді, клиникалық ойлауды және адам анатомиясына қызығушылықты дамытуға бағытталған «Емдеу ісі» мамандығының студенттеріне арналған жыл сайынғы зияткерлік-практикалық байқау.
Байқау жоғары дайындық деңгейін, командалық жұмыс дағдыларын және теориялық білімді практикада қолдану қабілетін көрсетуге дайын талантты және ынталы студенттерді біріктірді.
Байқау қорытындысы:
І орын-Кирабаева Айгүл
ІІ орын-Бисембаева Айгерім
ІІІ орын-Садықова Бақытгүл
Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Жеңімпаздарды құттықтамыз!

