«Діни сауаттылықты арттыру» тақырыбында дәріс
2026 жылдың 21 мамырында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Qamqor-Astana» қоғамдық қорының ақпараттық-түсіндіру тобының дінтанушы-лекторы Қуатов Арулан «Емдеу ісі» және «Мейіргер ісі» мамандықтарының 1-курс студенттерімен «Діни сауаттылықты арттыру» тақырыбында дәріс өткізді. Мақсаты: студенттердің діни сауаттылығын қалыптастыру, дәстүрлі дін құндылықтарын насихаттау және деструктивті діни ағымдардың алдын алу болды. Дәріс барысында студенттерге дін саласындағы мемлекеттік саясат, қоғамдағы діни мәдениеттің маңызы, ақпаратты дұрыс саралай білу және діни экстремизмнің алдын алу жолдары туралы жан-жақты мәлімет берілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тақырып аясында пікір алмасты.

