2026 жылдың 22 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында топ жетекшілері 1-курс студенттерімен «Жаман әдет – жастарға жат» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Мақсаты: студенттер арасында СӨС насихаттау, зиянды әдеттердің адам денсаулығына, болашағына және қоғамға тигізетін кері әсерін түсіндіру болды. Кураторлық сағат барысында темекі шегу, алкоголь мен есірткіге тәуелділіктің зияны туралы кеңінен айтылып, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырудың маңызы түсіндірілді. Студенттер өз пікірлерін ортаға салып, тақырып бойынша бейнероликтер көріп, сұрақ-жауап форматында белсенді қатысу көрсетті.

