2026 жылғы 21 мамырда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және кәсіби бағдар беру жоспарына сәйкес колледж оқытушысы А.А.Темірбеков №6 мектеп-лицейінде ұйымдастырылған мамандықтар көрмесіне қатысты. Іс-шара барысында оқушыларға колледжде оқытылатын мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат беріліп, оқу орнының ресми сайты таныстырылып, ақпараттық буклеттер таратылды. Сонымен қатар, «Емдеу ісі» мамандығының 3-курс студенттері «Жедел көмек көрсету» дағдыларын тәжірибе жүзінде көрсетіп, өздерінің кәсіби шеберліктерімен бөлісті.

