ҚР Бас прокуратурасы мен Астана қаласының прокуратурасы ұйымдастырған қалалық дебат турнирі

2026 жылдың 20 қаңтарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы «Заң және тәртіп» айлығының шеңберінде ҚР Бас прокуратурасы мен Астана қаласының прокуратурасы ұйымдастырған қалалық дебат турнирі өтті. Аталған турнирге «Ұшқыр ой алаңы» жобасының белсенді мүшелері қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Арибов Исламбек пен Ермек Әмір І дәрежелі дипломмен, ал Қылышбай Сабина мен Нұрланқызы Назерке ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жүлдегерлер «Меломан» дүкендер желісінің сыйлық сертификаттарына ие болды.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *