
2026 жылғы 20 қаңтарда «Педагогика мен медицинадағы инновациялық технологиялар, әдістер, идеялар» апталығы аясында арнайы пәндер оқытушылары А. К. Чаймбекова мен Ж. Т. Маркабаева колледж оқытушылары үшін «Медициналық білім беру негіздері: оқытушыларға арналған базалық құралдар» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар педагогикалық негіздерді, заманауи әдістемелерді (IBL, TBL, CBL, PBL), студенттердің ынтасын арттыруға арналған технологияларды, сабақтарды жоспарлауды және құзыретті дәрігерді қалыптастыру үшін дәстүрлі және инновациялық оқыту құралдарын пайдалана отырып, практикалық дағдыларды тиімді пысықтауды қамтитын колледж оқытушыларының біліктілігін арттыруға бағытталған. Презентация, бейне және көрнекі оқу құралдарын жасау үшін жасанды интеллект бағдарламаларын корсетті.
