
2026 жылдың 20 қаңтарында колледж оқытушылары С.Бейсенова мен Т.Суксулаеваның жетекшілігімен 2ЛД-Б тобының студенттері Райхан Сабыржан, Исалиева Диана №25 орта мектепте кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізді. Іс-шара барысында 9-сынып оқушылары колледжде оқытылатын мамандықтармен, колледждің ресми сайтымен таныстырылып, ақпараттық буклеттер таратылды. Сонымен қатар, артериялық қысымды өлшеу бойынша практикалық сабақ өткізілді. Оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарына толыққанды жауап алды.
