2026 жылғы 28 қазанда арнайы пәндер оқытушысы Бейсенова С. С. 3-СД-АК тобында «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәні бойынша «Жүрек аурулары кезіндегі науқасты тексерудің субъективті және объективті әдістері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында студенттер жүрек-қантамыр жүйесі аурулары бар науқастарды тексерудің негізгі әдістерімен танысты. Науқастың субъективті мәліметтерін жинауға (шағымдары, ауру анамнезі және өмір анамнезі), сондай-ақ объективті зерттеу әдістеріне: қарау, пальпация, перкуссия және жүрек тұсын аускультациялауға ерекше назар аударылды. Сабақ белсенді әрі танымдық атмосферада өтті.

