2026 жылғы 28-29 қазанда «Фармация» мамандығының студенттері «United Medical Expo 2026» IV Қазақстандық Халықаралық медицина көрмесіне барды.
Студенттер фармацевтикалық өнімдердің ассортиментімен, заманауи медициналық жабдықтармен, отандық және шетелдік компаниялардың жаңа әзірлемелерімен танысты.
Көрмеге бару болашақ мамандар үшін танымдық тәжірибе болып, кәсіби дүниетанымын кеңейтуге және сабақта алған білімдерінің тәжірибеде қолданылуын көруге мүмкіндік берді. Сала жетістіктерімен танысу студенттердің таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

