«Заң және тәртіп» және «ESIRTKISIZ ELORDA»

2026 жылдың 17 қыркүйек күні «Астана жастары» ЖРО ұйымдастыруымен 2026 жылға арналған жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алуға бағытталған «Заң және тәртіп» және «ESIRTKISIZ ELORDA» жобалары аясында колледждің 1–2 курс студенттеріне танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шараға Астана қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Жандос Қалиоллаұлы Сейтенов және Республикалық нашақорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің мүшесі, психолог, коуч Мирзада Шахманұлы Сейтқали қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Мақсаты: студенттер арасында СӨС насихаттау, есірткі заттарының зияны мен оның қоғамға тигізер кері әсері туралы кеңінен ақпарат беру, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеп, өмірлік дұрыс таңдау жасауына бағыт-бағдар беру көзделді.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *