2026 жылғы 14 қыркүйекте «Кәмелетке толмағандар арасында психикалық денсаулықты нығайту және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» жобасын іске асыру мақсатында колледждің педагог-психологы А.Балтабаева колледж әкімшілігіне, оқытушылары мен техникалық қызметкерлеріне арналған «Сенімді Дос» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Мақсаты: кәмелетке толмағандардың психикалық денсаулығын нығайту, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, қауіп факторларын ерте анықтау және білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыру.Қатысушылар өзара пікір алмасып, практикалық ұсыныстармен танысты.

