З.Г.Мурзагулованың 90 жылдық мерейтойына орай көрме

«З.Г.Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжінің негізін қалаушы З.Г.Мурзагуловаға – 90 жыл»
2024 жылдың 26 қаңтар күні З.Г.Мурзагулова атындағы «Даналық» жоғары медициналық колледжінің негізін қалаушы З.Г.Мурзагулованың 90 жылдық мерейтойына орай колледждің барлық корпустарында көрме жасақталды. Көрмеге З.Г.Мурзагулованың өмірі мен еңбек еткен жылдары туралы ақпарат, жетістіктері мен төсбелгілері, ол туралы мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар мен сұхбаттар, колледж тарихы туралы мәліметтер қойылды.
Кітапханашы Н.Мәтбаева көрмеге шолу барысында З.Г.Мурзагулованың еңбекқорлығын, білімге құштарлығын, өз ісіне деген адалдығын, еліміздегі медицина саласының дамуына, кәсіптік білім беру саласына қосқан айрықша үлесін атап өтті.

 

https://www.youtube.com/shorts/D5bV9vIXUmY

 

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *