2024 жылдың 30 қаңтарында колледж оқытушылары «Сервиc және туризм колледжі» ШЖҚ МКК, «Білім басқармасы»ММ және «Әдістемелік кабинет» МКҚК бірлесіп ұйымдастырған «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар даярлаудың заманауи тәсілдері» атты Х Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Конференция алты бағытта жұмыс істеді. Конференцияда педагогтар кәсіби және педагогикалық тәжірибелерімен алмасты. Колледж педагогтары: М. Б. Байгалиева, А. М. Темірбаева, А. Е. Джумашева, Т. У. Нұрғалиева, Б. Ш. Тоқтаров, А. Т. Нұрғожина, М. М. Қасымов баяндама жасады.

