2026 жылдың 09 сәуірінде арнайы пән оқытушысы Сарсенова Ботагоз Сагантаевна 2-ФМ-В-11 тобында «Фармацевтикалық химия» пәні бойынша «Дәрумендер. «В» тобының дәрумендері, аскорбин қышқылы, эргокальциферол және РР дәрумені» тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқытудың интерактивті әдістері, сыни ойлауды дамыту технологиялары, сондай-ақ заманауи цифрлық құралдар пайдаланылды, бұл білім алушылардың кәсіби қызығушылығын арттыруға және оларды оқу процесіне белсенді тартуға ықпал етті.
Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті, қызықты, мазмұнды және танымдық болды. Білім алушылар белсенділік танытып, жақсы теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті.

