2026 жылғы 3 сәуірде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру және «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ДТІЖО А.М.Темірбаеваның ұйымдастыруымен «Құстар – біздің досымыз» атты экологиялық акция өткізілді. Іс-шара барысында құстарға арналған ұялар жасалып, «Ақжайық» саябағына орналастырылды. Акцияның мақсаты – табиғатты қорғау, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау және студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

