«Тыныс алу, жүрек-тамыр жүйесі қызметінің бұзылуындағы мейіргерлік үрдіс» тақырыбында ашық практикалық сабақ

2025 жыл 15 мамырда «Мейіргер ісі» мамандығы апталығы аясында арнайы пән оқытушы Ж.С.Ахметова 2-СД-БК тобында «Мейіргер ісі негіздері» пәні бойынша «Тыныс алу, жүрек-тамыр жүйесі қызметінің бұзылуындағы мейіргерлік үрдіс» тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: тыныс алу, жүрек-тамыр жүйесі қызметінің бұзылуындағы мейіргерлік үрдіс кезінде көрсететін коммуникациялық, рефлексиялық қасиеттерін, науқаспен диалог жүргізе алу, өз ойын дәлелдеу, шапшаңдық, жауапкершілік қабілетін дамыту.
Оқытушы педагогикалық шеберлік пен оқыту әдістемесін жақсы меңгергендігін көрсетті. Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сабақтың құрылымы мен түрі мақсаттар мен міндеттерге толық сәйкес келеді.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *