2025 жыл 15 мамырда «Мейіргер ісі» мамандығы апталығы аясында арнайы пән оқытушы Л.М.Аханова 2-ЛД-БК тобында «Мейіргер ісі негіздері» пәні бойынша «Бронхиалды демікпе ұстамасы синдромы кезінде мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру» тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: бронхиалды демікпенің ұстамасы кезіндегі мейіргерлік үрдістің ерекшелігін ашу, практикалық білімді тәжірибеде қолдану дағдыларын жетілдіру. Сабақта презентация, алгоритмдер бойынша видео материалдар, тесттік тапсырмалар қолданылды. Студенттер практикалық дағдыларын командамен көрсете білді. Бронхиалды демікпенің үш деңгейін кезең кезеңімен толықтай науқасқа шұғыл көмек көрсетті. Оқытушы материалды жақсы деңгейде меңгерген. Сабақта достық атмосфера орнады.

