
2025 жылдың 21 қазан күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1-курстың топ жетекшілері «Республикам – мақтанышым!» тақырыбында кураторлық сағат өткізіп, соңы «Қауіпсіздік сабағымен» жалғастырды. Мақсаты: студенттердің отансүйгіштік сезімін арттыру, ҚР Тәуелсіздігі мен жетістіктерін құрметтеуге тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілік пен ұлттық бірегейлікті қалыптастыру. Сонымен қатар, қауіпсіздік сабағы арқылы студенттердің өмір қауіпсіздігі ережелері жайлы білімдерін нығайту, төтенше жағдайлардағы іс-әрекет алгоритмдерін меңгерту.
