
«Кәсіптік бағдар беру» кездесуі
22 қыркүйек 2025 жылы №34 жалпы орта білім беретін мектепке колледжіміздің оқытушысы Токтаров Б.Ш. және 2 курс студенттері Сейтбек Бекзат пен Хабдулла Жұлдыздың қатысуымен кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті.
⠀
Іс-шара барысында оқушыларға медицина саласындағы мамандықтар, колледждегі оқу бағыттары (фельдшер, медбике, фармацевт) және олардың денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызы түсіндірілді. Студенттер өз тәжірибелерімен бөлісіп, болашақ маман ретінде қызмет ерекшеліктерін айтып берді.
⠀
Кездесу оқушылардың медицинаға қызығушылығын арттырып, болашақ мамандықты саналы таңдауға ықпал етті.
