2026 жылғы 13 наурызда арнайы пәндер оқытушысы Л.М.Аханованың жетекшілігімен 4-ЛД-ГК «Емдеу ісі» тобының студенттері арасында «Пациенттердің қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық мақсаттар» тақырыбында колледжішілік конференция өткізілді. Іс-шара барысында студенттер өз тақырыптары бойынша мазмұнды баяндама жасап, пациент қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидаларын жан-жақты талқылады. Конференция бағдарламасы аясында студенттер үшін Kahoot интерактивті платформасы арқылы викториналық сайыс ұйымдастырылды. Бұл сайыс қатысушылардың білімін тексеріп қана қоймай, іс-шараның қызықты әрі тартымды өтуіне ықпал етті. Сонымен қатар студенттердің қатысуымен «Бөлімшедегі бір күн… әлде олай емес пе?» атты қателіктері бар бейнеролик көрсетіліп, онда жіберілген кәсіби қателіктер талданып, олардың алдын алу жолдары талқыланды.
Конференция соңында белсенділік танытқан қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталып, іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған мазмұнды әрі тәжірибелік маңызы зор білім алаңы болды.

