«Ғасыр сазы»

2026 жылғы 14 наурыз күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Наурыз мейрамын» мерекелеу жоспарына сәйкес «Ғасыр сазы» фольклорлық ансамблінің ұйымдастыруымен «Көрісу күні – амал мерекесі» атты тәрбиелік-мәдени іс-шара өткізілді. Іс-шараға ұжым қызметкерлері мен студенттер қатысып, қазақ халқының ежелден келе жатқан көрісу дәстүрін жаңғыртып, бір-біріне ізгі тілектерін білдірді. Мақсаты: ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мәдениетін насихаттау, сондай-ақ ұжым арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайту.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *