2026 жылдың 30 наурызында арнайы пәндер оқытушысы Л.М. Аханова «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша 3 СД-АК-11 тобында «Хирургиядағы қарқынды мейіргерлік күтім» пәні бойынша «Оксигенотерапия. Мейіргерлік үдерісті ұйымдастыру» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты-студенттердің оксигенотерапия бойынша теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіру. Сабақ барысында студенттер белсенділік танытып, ситуациялық тапсырмалар мен практикалық жұмыстарды орындады. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті және қатысушылар тарапынан оң баға алды.

