«Mediker» медициналық орталығында З.Г. Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжінің студенттері мен Астана медицина университетінің интерндары бірлесіп ақпараттық видеоролик түсірді. Аталған шара болашақ медицина мамандарының тәжірибелік білімін арттыруға және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелеріне назар аударуға бағытталды.
Іс-шара дәрігер-интерн Тенизбай Мендбаевич Тулешов және бас мейіргер Жанна Қайратовнаның жетекшілігімен ұйымдастырылды. Студенттер оқу үдерісі барысында тәжірибелік дағдыларын жетілдіріп, медицина қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс істеуде.
Атап айтқанда, дәрігерлер мен мейіргерлердің көмегімен олар мектеп жасындағы балаларға медициналық тексеру жүргізуге қатысады.
Бұл тәжірибе студенттердің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, олардың жауапкершілігін күшейтіп, болашақ маман ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосады.

