Oқу-практикалық сабақ

2025 жылдың 17 сәуірінде арнайы пәндер оқытушысы А.К.Бисембаеваның басшылығымен 3 ЛД-Д тобының студенттері үшін Астана қаласы бойынша ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Филиал басшысы Б.А. Сыздыков, бөлім басшысы Г. Д. Сералиева және ОЭМП дәрігері Ж. А. Аубакиров студенттер үшін оқу-практикалық сабақ өткізді.
Сабақ барысында студенттер шұғыл медициналық көмек көрсету үшін ең жаңа заманауи жабдықтармен танысуға, сондай-ақ теориялық және практикалық білімді игеруге мүмкіндік алды. Біз ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ ұжымына болашақ мамандарды оқытуға мүмкіндік бергені және қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *