2025 жылғы 17 сәуірде 2025–2027 жылдарға арналған тақырыптық жоспар аясында және кәсіби бағдар беру мақсатында арнайы пәндер оқытушысы Жексенова Назира Кенжебаевна 1-СД-АК тобының студенті Хабдулла Жұлдыз және 1-ЛД тобының студенті Амантай Назгүлмен бірге Қосшы қаласындағы №2 мектепке барды. Іс-шара барысында оқушылармен медицина саласындағы мамандықтарды таңдау бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Колледжде медициналық бағытта білім алу мүмкіндіктері, фармация, фельдшер, медбике сияқты мамандықтардың маңыздылығы мен ерекшеліктері туралы ақпарат берілді. Бұл кездесу оқушылардың медицина саласына деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандығын саналы таңдауға көмектесуге бағытталды.

