«Менструальдық Денсаулық: ғылыми зерттеулер және практикалық шешімдер» атты колледжішілік конференциясы
2026 жылдың 3 наурызында «Емдеу ісі» мамандығының студенттері арасында арнайы пәндер оқытушысы А.К. Бисембаева 3 -ЛД-В- 11 тобымен «Менструальдық Денсаулық: ғылыми зерттеулер және практикалық шешімдер» атты колледжішілік конференциясың өткізді.
Конференция барысында жыныстық жетілу кезеңіндегі менструалдық циклдің қалыптасу ерекшеліктері, гормоналдық және эндокриндік бұзылыстардың, анемияның, семіздіктің, стресстің, физикалық белсенділіктің және цифрлық жүктеменің жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығына әсері талқыланды. Сонымен қатар психоэмоционалдық жағдай, тұқым қуалаушылық және әлеуметтік факторлардың рөліне ерекше назар аударылды.
Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Конференция қорытындысы:
🥇 1 орын — Нам Надежда
🥈 2 орын — Евтушенко Кирилл
🥉 3 орын — Валентина Оксана.


