«Фармакологияның өзекті мәселелері»

2026 жылғы 20 ақпанда арнайы пәндер оқытушысы З. Х. Кожабекова 3-ФМ-БК-11 және 3-ФМ-Г-11 бітіруші топтардың студенттері арасында «Фармакологияның өзекті мәселелері» тақырыбында пікірталас өткізді.

Іс-шараның мақсаты пән бойынша білімді тереңдету, фармакологиялық сауаттылықты қалыптастыру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуді дамыту, жауаптарын дәлелді түрде баяндау және түсіндіру, пайымдауды қисынды түрде құру, ойларды сауатты білдіру және қарсыласын құрметпен тыңдау болды. Бұл дағдылардың барлығы фармацевтің кәсіби қызметінде аса қажет.

Студенттер бес негізгі тақырыпты талқылап, «Қолдаймын» және «Қарсымын» ұстанымдары бойынша өз көзқарастарын дәлелді түрде қорғады. Іс-шара мазмұнды, қызықты әрі тартымды өтті.

Барлық қатысушыларға таңдаған мамандықтары бойынша табыс пен кәсіби өсу тілейміз.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *