2025 жылдың 27 наурыз күні Астана қ. Сарыарқа ауданы әкімдігінде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Астана қ. Әдістемелік орталығы, «Астана Жастары» ЖРО, «Менің мамандығым – мақтанышым» тақырыбында қалалық іс-шара өткізді. Іс-шараға әр колледжден 2 түлектен шақырылды: Ләззәт Уразбаева, Бибіжамал Жанат («З.Г. Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжі» БМ), Ибрагим Аружан, Муйнанова Айкен («Томирис» медициналық колледжі» ЖШС) және Жақсылық Ақтілек («РМА” ЖШС). Л. Уразбаева мен Б. Жанат «Мейірбике жолы: колледжден халықаралық тәжірибеге дейін» тақырыбында сөз сөйледі.
Мақсаты: студенттердің өз мамандығына деген сүйіспеншіліктерін арттырып, колледж бітіргеннен кейін де тоқтамай дамып, көптеген жетістіктерге жете алатындарын түсіндіру.

