«Гүл қырлары: ботаникадан фармацевтикаға дейін» атты байқауы

2025 жылғы 26 наурызда «Фармация» мамандығы апталығы аясында оқытушы М. Б. Байгалиева 1 курс студенттері арасында «Гүл қырлары: ботаникадан фармацевтикаға дейін» атты байқауын өткізді.
Байқау студенттердің дәрілік өсімдіктердің ботаникалық аспектілері және олардың фармацевтикалық практикада қолданылуы туралы білімдерін тереңдетуге бағытталған. Қатысушылар ботаника және фармакогнозия саласындағы теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті.
Іс-шара оқу материалын бекітіп қана қоймай, дәрілік өсімдіктермен байланысты пәндерді оқуға шығармашылық көзқарасты дамытуға ықпал етті.
Байқау нәтижелері:
1 орын- «Зеленый лекарь» командасы;
2 орын- «Цветочный эликсир» командасы.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *