2023 жылғы 21 қараша күні «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы А.Несипбекованың ұйымдастыруымен 1-курс студенттері арасында «Менің өмірімді өзгерткен кітап» тақырыбында эссе байкауы өткізілді.
Эссе байқауының мақсаты: студенттерді кітап оқуға баулу, өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жаза білуге үйрету, ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту, шығармашыл, белсенді тұлға тәрбилеу.
Эссе байқауына барлығы 36 студент қатысып, комиссия мүшелерінің шешімі бойынша келесі орындар берілді:
1 орын Арыстанбаева Жанерке (1 СД-АК)
2 орын Әбдімәлік Нұраян (1 ЛД-ВК)
2 орын Пашабай Шолпан (1 СД-АК)
3 орын Аяболат Мақсат (1 ЛД-ВК)

