2023 жылдың 23-қараша күні «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында ұйымдастырылған «Бір колледж – бір кітап» акциясының жұмысы қорытындыланды. Акция аясында 1-курс студенттеріне Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романын оқу тапсырмасы берілген болатын. Акция барысында студенттер «Ақбілек» романы бойынша құрастырылған тест тапсырмаларын орындап, роман мазмұны мен көркемдік идеясына талдау жасап, өз ойларын ортаға салды.
Акцияның мақсаты: студенттердің кіап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу мәдениетін, дағдысын қалыптастыру.

