2025 жылдың қазан айында «Фармация» мамандығының 2 курс студенттері Джурабаева Фарангиз және Бейсембаев Ильяс «Мен-кәсіпкермін» атты өңірлік Гранд турниріне қатысып, «Медицина және денсаулық сақтау технологиялары» бағыты бойынша «FarmBox» инновациялық жобасын сәтті ұсынды.
Олар бизнес-жобаны Business Canvas моделі бойынша әзірледі және оны YouTube арнасында бейне форматында ұсынады.
Байқау қорытындысы бойынша Джурабаева Фарангиз және Бейсембаев Ильяс II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Студенттердің жұмысы инновациялық тәсіл, идеяның өзектілігі және Жобаның әлеуметтік маңыздылығы үшін қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

