Қазіргі заманғы дәрілік түрлері: дәстүрліден жаңашылдыққа дейін

2025 жылғы 28 қазан күні фармацевтикалық пәндер оқытушысы Бисенбай Арзу Жанайқызының жетекшілігімен «Қазіргі заманғы дәрілік түрлері: дәстүрліден жаңашылдыққа дейін» тақырыбында колледжішілік конференция өткізілді. Конференцияға 2-ФМ-В-11 тобының студенттері қатысты.
Конференцияның мақсаты – студенттердің заманауи дәрілік түрлер жөніндегі білімдерін кеңейту, ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылығын арттыру, талдау дағдыларын және алған білімдерін болашақ кәсіби қызметінде қолдану қабілетін дамыту.
Конференция барысында қатысушылар өз жобалары мен баяндамаларын ұсынды. Баяндамалар инновациялық технологияларды қолдану арқылы дайындалған презентациялармен сүйемелденді. Студенттер жоғары дайындық деңгейін, шығармашылық көзқарасын және тақырыпты терең меңгергендігін көрсетті.
Конференция нәтижелері:
🥇 I орын — Бижанова Адема
🥈 II орын — Жумина Майра
🥈 II орын — Андабаева Камила
🥉 III орын — Қарсыбай Балниза
🥉 III орын — Ставнистая Ольга
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға белсенділігі, қызығушылығы және кәсіби дамуға деген ұмтылысы үшін алғыс білдіреміз!

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *