«Мейіргер ісіндегі биостатистиканың рөлі»

«Мейіргер ісіндегі биостатистиканың рөлі» колледжішілік конференция
2026 жылдың 5 наурызында арнайы пәндер оқытушысы Ж. А. Карпикбаева «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігінің 3 курс студенттері арасында «Мейіргер ісіндегі биостатистиканың рөлі» тақырыбында колледжішілік конференция өткізді.
Конференцияның мақсаты студенттердің зерттеушілік мәдениетін арттыра отырып медициналық көрсеткіштерді талдау дағдыларын дамыту, статистикалық ойлауды қалыптастыру.
Биостатистика – бұл тек сандар ғана емес, ол халық денсаулығының айнасы, медициналық көмектің сапасын бағалаудың құралы және кәсіби дамудың негізі. Мейіргер маманы тек күтім жасаушы ғана емес, сонымен қатар бөлімшенің жұмыс көрсеткіштерін талдай алатын, профилактикалық шаралардың тиімділігін бағалайтын және дәлелді тәжірибеге сүйенетін кәсіби тұлға болуы қажет.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *