«Асқорыту жүйесі ауруларындағы ерекшеліктер»

«Асқорыту жүйесі ауруларындағы ерекшеліктер»
тақырыбындағы колледжішілік конференция

2026 жылдың 5 наурызында арнайы пәндер оқытушысы Ж. А. Дариеваның жетекшілігімен 3ЛДБК тобының студенттері арасында «Асқорыту жүйесі ауруларындағы ерекшеліктер» тақырыбында колледжішілік конференция өткізілді.
Іс-шараның мақсаты студенттердің гастроэнтерологиялық аурулар саласындағы білімдерін тереңдету, ғылыми ойлауды дамыту және зерттеу қызметіне қызығушылықты арттыру болды.
Конференцияға қатысушылар ас қорыту органдары ауруларының өзекті мәселелеріне арналған баяндамалар мен презентациялар ұсынды, олардың ішінде: асқазан-ішек жолдары ауруларының пайда болу себептері, диагностика мен емдеудің заманауи әдістері, гастрит, ойық жара ауруы, бауыр және ұйқы безі ауруларының алдын алу.
Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Конференция қорытындысы:
🥇 I орын-Ыдырыс Әйгерім
🥈 II орын-Қабжанова Мадина
🥉 III орын-Насанбек Нұрасыл

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *