https://www.instagram.com/p/CrQw_rwMO5w/?utm_source=ig_web_copy_link
2023 жылғы 20 сәуірде «З.Г.Мурзагулова атындағы «ДАНАЛЫҚ» жоғары медициналық колледжінің» БМ 25 жылдық мерейтойына орай колледж студенттері арасында «MEDI CUP» қалалық дебат турнирі Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, «Астана Жастары» ЖРО, «Ел үміті» КҚ және Колледж пікірсайыс орталығы «IDC»-мен бірлесе ұйымдастырылып, өткізілді. Қазылар алқасы ретінде турнирге Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық МКҚК әдіскері Н.С. Исина, «IDC» колледждердің пікірсайыс орталығының төрағасы А.Н.Өмірәлі, «Ел үміті» КҚ өкілеті Бекзат Әділжанұлы шақырылды.
Турнирге 6 команда қатысты.
Турнир аясында спикерлер медицинаға қатысты маңызды мәселелерді талқылады.
«З.Г.Мурзагулова атындағы «ДАНАЛЫҚ» жоғары медициналық колледжінің» БМ 25 жылдық мерейтойына орай құрылтайшылар кубогы үшін «MEDI CUP» қалалық дебат турнирінің жеңімпаздары.:
— «Үздік спикер» номинациясы -Балабек Нұрдәулет, «Шипагер» медициналық колледжі (жетекшілері: Зикирина С.К., Манап Ә.С.);
-«Пациент жанашыры» номинациясы- фракция «Жалын», «Республикалық Медицина Академиясы» ЖШС (жетекшілері: Ахметқалиева А.А., Акумбаева Д.Б.);
-«Лучший тиммейт» номинациясы «15-18», З.Г.Мурзагулова атындағы «Даналық» жоғары медициналық колледжі (жетекшілері: Темирбаева А.М., Нургалиева И.У.);
-ГРАН-ПРИ «Тәуелсіз қыздар» фракциясы, «Томирис» медициналық колледжі (жетекшілері: Оспанова А.О.Құттыбаева М.С.;
І – орын З.Г.Мурзагулова атындағы «Даналық» жоғары медициналық колледжі (жетекшілері: Темирбаева А.М., Нургалиева И.У.);
ІІ – орын Астана қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК (жетекшілері: Ахмет К.Ы., Сүлейменова С.Н.);
ІІІ – орын «Республикалық Медицина Академиясы» ЖШС (жетекшілері: Ахметқалиева А.А., Акумбаева Д.Б.).
Барлық жеңімпаздарға «Ел үміті» КҚ қалын жиде, «Қазақстанға 30 жыл» энциклопедялары табысталды, және де барлық қатысушылар дипломдармен және сертификаттармен марапатталды

