2023 жылдың 18 – сәуір күні қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Несипбекова А.С. «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында 1СД-ВК тобының студенттерімен «Ақындар жырлаған туған өлке» тақырыбында әдеби қонақ үй өткізді. Топ студенттері ақындардың туған жер туралы жырлары мен өздері шығарған өлеңдерін оқып, ақындар сөзіне жазылған туған жер туралы әндерді айтты. «Әдеби қонақ үй» өте тартымды және қызықты өтті.

