2023 жылдың 24 ақпанында колледж студенттері мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Несіпбекова А.С. «М.Жұмабаев атындағы халықаралық колледжі» ЖШС мен Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК ұйымдастырған «Мағжан оқулары» атты І-ші ғылыми-шығармашылық конференциясы қатысты. Конференция жұмысы үш бағыт бойынша ұйымдастырылды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Несіпбекова А.С. педагогикалық брифингте сөз сөйлеп, педагогикалық тәжірибесімен бөлісті. Баяндама жұмысын әріптестер жоғары бағалады.
Ғылыми-практикалық конференцияның I кезеңінен өткен колледж студенттері Жұмаханова Әйгерім, Жасұзақ Әділет, Иноятов Берік ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, сертификатпен марапатталды.

