2023 жылдың 25-сәуір күні қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Несипбекова А.С. ұйымдастыруымен 1-курс білім алушылары арасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Кітапты бірге оқимыз…» тақырыбында библио-кросс өткізілді. Библио-кросстың негізгі мақсаты — кітап оқуды насихаттау, оқылған кітаптан қорытынды жасауға үйрету, кітапқа деген қызығушылықтарын ояту. Библио – кросс барысында қатысушылар өздері оқыған кітаптарына талдау жасап, тыңдармандарды кітап оқуға шақырды.

