2025 жылдың 4 қараша күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Емдеу ісі» мен «Мейіргер ісі» мамандықтарының 3-4 курс студенттеріне «Тalap» КЕАҚ Президентінің кеңесшісі, Астана қаласы бойынша балалар құқықтары жөніндегі уәкілі, ҚР парламенті мәжілісінің V шақырылым депутаты: Бимендина Асима Темкенқызы мен Астана қаласы Әдістемелік орталығының ТжКББ бөлімінің әдіскері Исина Нағима Саткеновна «Балалар құқықтарын қорғау мәселелері және білім беру ортасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу» және «Кәсіптік білім мен адамгершілік құндылықтар: болашақ медицина мамандарының миссиясы», «Отбасы құндылығы» және «Ата-анамен жақсы қарым-қатынас» тақырыптарында дәріс оқыды. Мақсаты: студенттердің құқықтық және адамгершілік мәдениетін арттыру, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түсініктерін кеңейту, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ отбасы құндылықтары мен ата-анамен өзара сыйластық қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын түсіндіру арқылы болашақ медицина мамандарын ізгілікке, жауапкершілікке және қоғам алдындағы адамгершілік борышын сезінуге тәрбиелеу.

