Инулиннің адамның когнитивтік функцияларына әсері

«Фармацевт» үйірмесінің жұмысы аясында, арнайы пәндер оқытушысы Қожабекова З.Х. жетекшілігімен «Фармация» мамандығының 2-курс студенттері «Инулиннің адамның когнитивтік функцияларына әсері» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізді.

Студенттер инулиннің қасиеттерін зерттеп, оны дәрілік өсімдік шикізатынан бөліп алу бойынша зертханалық тәжірибелер орындады.

Зерттеу нәтижелері Көкшетау қаласында өткен «Инновациялық фармация: теориядан практикаға» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда ұсынылды.

Студент Андабаева Камила II дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Фармацевт» үйірмесі болашақ фармацевтердің ғылыми ойлау қабілетін және кәсіби дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *