2026 жылғы 22 сәуірде фармацевтикалық пәндер оқытушысы А. Ж. Бисенбай 2-ФМ-АК-11 тобында «Инъекциялық ерітінділерді тұрақтандыру және дайындау» тақырыбында практикалық ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – инъекциялық ерітінділерді тұрақтандырудың негізгі принциптерін меңгерту, олардың технологиясын дұрыс сақтай отырып дайындау және сапасын бағалау бойынша студенттердің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ барысында студенттер инъекциялық ерітінділердің физика-химиялық қасиеттерін, тұрақтылығына әсер ететін факторларды, стерильдеу, фильтрлеу, құю және тығындау кезеңдерін тәжірибе жүзінде орындады. Сонымен қатар, студенттердің өз бетінше жұмыс істеуіне, сыни тұрғыдан ойлауына және кәсіби дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

