Гериатриялық пациенттерді оңалтуда мейіргерлік күтімді ұйымдастыру»

2026 жылдың 21 сәуірінде арнайы пәндер оқытушысы Ж.С. Ахметова «Мейіргер ісі» мамандығының 2-СД-АК тобында «Гериатриядағы мейіргерлік күтім» пәні бойынша «Гериатриялық пациенттерді оңалтуда мейіргерлік күтімді ұйымдастыру» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында студенттер гериатриялық пациенттердің жағдайын кешенді бағалау үшін заманауи шкалаларды қолдануды үйренді. Атап айтқанда, Морзе шкаласы арқылы құлау қаупін анықтау, Бартел шкаласы бойынша пациенттің күнделікті өмірдегі тәуелсіздігін бағалау және MMSE тесті көмегімен когнитивтік жағдайын анықтау бағытында практикалық тапсырмалар орындалды.
Сабақ заманауи талаптарға сай өткізіліп, қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.
Мұндай тәжірибелік бағыттағы сабақтар болашақ мейіргерлердің кәсіби дағдыларын қалыптастыруда және гериатриялық пациенттерге сапалы күтім көрсетуге даярлауда маңызды рөл атқарады.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *