2023 жылғы 20 қыркүйекте «Халық достығы – тіл достығы» тілдер апталығы аясында ағылшын тілі оқытушысы Т.П. Суксулаева «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша 1,2 курс студенттеріне арналған «I know English» («Мен ағылшын тілін білемін») атты зияткерлік ойынын өткізді.
Ойынның мақсаты: ағылшын тілін үйренуге деген ынтаны арттыру және шет (ағылшын) тілін меңгеру үшін қажетті тілдік және сөйлеу құзыреттілігін дамыту.
Ойын барысында «Ұлыбритания біріккен корольдігі және Солтүстік Ирландия», «Мамандықты тап», «Шифрланған жануар», «Шатастырылған сөз» тақырыптарында ойындар өткізілді. Студенттер ағылшын тілін білетіндіктерін, сөздерді бағдарлай алатындарын көрсетті, оқытылатын тілдің елі туралы қосымша ақпарат алудың маңыздылығын атап өтті.
Зияткерлік ойынның қорытындысы:
1 орын — Куанышбаева Дария, 2СД-Г,
2 орын — Москаленок Анастасия, 1ФМ-В-11,
3 орын — Дамзина Яна, 2 СД-Г
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

