2023 жылдың 21-қыркүйек күні «Халық достығы – тіл достығы» тілдер апталығы аясында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Несипбекова А.С. ұйымдастыруымен 1-курс білім алушылары арасында «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты зияткерлік ойын өткізілді.
Мақсаты: Білім алушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету және қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
Зияткерлік ойын бес айналымнан тұрды, өте қызықты, тартысты өтті. Ойын қорытындысы бойынша төмендегідей орындар берілді:
1-орын «Ұлағат» тобы (1-ЛД-ВК )
2- орын «Alash» тобы (1-ЛД-АК)
3 — орын «Болашақ» тобы (1-ЛД-ВК)

